25.01.2022
Жас архившілер кеңесінің мәжілісі
2022 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Жас архившілер кеңесінің жиналысы өтті. Жиналыстың күн тәртібінде Кеңестің 2021 ж. атқарған жұмысы бойынша есеп, 2022 ж. жұмыс жоспарының жобасын талқылау және Кеңестің жаңа төрағасын, оның орынбасарлары мен хатшысын сайлау мәселелері қарастырылды. Жас архившілер кеңесінің төрағасы Р. Мирзакулова 2021 ж. атқарылған жұмыстар бойынша есепті баяндап, жоспарланған іс-шаралардың барлығы мерзімінде орындалғанын жеткізді. 2021 ж. арналған жұмыс жоспары Кеңес мүшелерімен талқыланып, жоспарға жаңа ұсыныстар мен толықтырулар енгізілді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Кеңес мүшелерінің ашық дауыс беру арқылы сайлауының нәтижесінде Жас архившілер кеңесінің төрайымы болып Жинақтау және құжаттама басқармасының бас сарапшысы Ж. Әсенова, оның орынбасарлары болып Ақпаратты-әдістемелік жұмыс басқармасының бас сарапшысы Ә. Бақтыбаева және Мұрағаттық технологиялар басқармасының бас сарапшысы М. Қазыкеев, Кеңес хатшысы болып Құжаттарды ғылыми жариялау басқармасының сарапшысы А. Аманқұлова тағайындалды.