19.05.2022

Ғылыми кеңестің отырысы

2022 жылғы 18 мамыр Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде: 1. Ғылыми кеңестің Ережесі мен дербес құрамы туралы; 2. «Вооруженные Силы Республики Казахстан. 1991–2001 гг.: сборник документов и материалов» жинағының қолжазбасын талқылау; 3. «Из истории депортаций. Казахстан. 1945–1959 гг.» құжаттар жинағының қолжазбасын талқылау; 4. «Тәуелсіз Қазақстан астанасының тарихы архив құжаттарында» құжаттар жинағының қолжазбасын талқылау; 5. «Ж. Сәдуақасов. Құжаттар және көсемсөздері» құжаттар жинағының проспект-жоспарын талқылау тақырыбындағы мәселелер қаралды.

Отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві директорының 2022 жылғы 12 мамырдағы №81-Ө бұйрығымен бекітілген Ғылыми кеңестің құрамы мен Ережесі қаралды.


Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Ғылыми кеңесінің құрамы:
Мұстафина Әлия Құсайынқызы - Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры, төрайым;
Әлімғазинов Қайрат Шәкәрімұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары, т.ғ.д., төрайымның орынбасары;
Жылгелдинов Мұхаммед Тұрсынбекұлы - оқу-әдістемелік орталығының басшысы, хатшы
Кеңес мүшелері:
Әбіл Еркін Аманжолұлы - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор;
Әнес Ғарифолла Қабдолқайырұлы - Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор;
Асылов Нұртаза Тұрабекұлы - ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінің бастығы, PhD, қауымдастырылған профессор;

Борашев Қуат Қахарманұлы - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы;
Жангуттин Бауыржан Олжабайұлы - Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор;
Қабылдинов Зиябек Ермұқанұлы - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі;
Қозыбаев Ілияс Манашұлы - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор;
Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы - Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, т.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі;
Көкебаева Гүлжауһар Кәкенқызы - ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Дүниежүзі тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор;
Мұқажанова Гүлнара Жұмағұлқызы - қолданбалы және ғылыми жобалар орталығының басшысы;
Нұрымбетова Гүлшат Рамазанқызы - ХХ ғ. саяси құғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының басшысы, с.ғ.д, профессор;
Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Орталық мемлекеттік архивінің директоры, т.ғ.к.;
Ысқақ Ақмарал Сыдығалықызы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры м.а., т.ғ.д.