08.04.2022
Архивтегі кездесу
2022 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Жобалық кеңсесінің жетекшісі С.А. Қасымовпен кездесу өтті.
Еліміздің жаңа замандағы саяси тарихының құжаттарын сақтап отырған Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві жақын уақытта ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы ерекше құжаттар кешенімен толығады.
Кездесуде арнайы мемлекеттік архивтерден қабылданатын құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық өңдеу мен материалдарды қолданудың мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Архивте құрылған ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының жұмысы туралы айтып өтті.
С.А. Қасымов өз кезегінде ҚР Президенті Архивінің отандық тарихымызды құрайтын архивтік құжаттарды дәріптеу және арттыру мен сақтаудағы маңызды рөліне тоқталып, архившілер мен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшелерінің бұдан ары өзара ынтымақтастығын кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында Архивтің кітпаханасы мен оқырман залы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.