13.04.2022

Архив жаңа жеке тектік қормен толықты

2022 жылғы 13 сәуірде ҚР Президентінің Архивінде кеңестік кезеңдегі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1946 -1954), КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің төрағасы (1950 -1954) Ж.Ш. Шаяхметовтің (30.08.1902 -17.10.1966) құжаттарын Архивке өткізу туралы келісімге қол қойылды. Құжаттарды Архивке мемлекеттік сақтауға Жұмабай Шаяхметовтың немересі Р.Р. Шаяхметов тапсырды.

Архив директоры Ә.Қ. Мұстафина Архивтің басым бағыттарының бірі - құжаттар жинақтарын басып шығару, көрмелер ұйымдастыру, мақалалар жариялау мен дөңгелек үстелдер өткізу арқылы тарихи құжаттық мұраларды дәріптеу және мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлерінің жеке тектік құжаттарын толыққанды жинақтау екенін атап өтті.
Бүгінгі таңда ҚР Президентінің Архивіндегі мемлекеттік сақтауда 90-нан астам жеке тектік қорлар бар.