28.09.2022

Іс жүргізу және архив ісі бойынша семинар

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің құжаттарын құжаттауды және ведомстволық сақтауды дамыту жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес жинақтау көздері ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде архив қорын қалыптастыру Қызметі «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы» РМКҚ-да іс жүргізу және архив ісі бойынша семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға бейне-конференц байланыс арқылы қосылған Академияның құрылымдық бөлімшелерінің және аймақтардағы Академия филиалдарының қызметкерлері іс қағаздарын жүргізуге жауапты тұлғалары қатысты. Семинарды Академияның бірінші ректоры Е. Дүсіпов ашып семинардың жұмысына сәттілік тіледі. Семинардың модераторы Ә. Несіпбаев Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің архив қорын қалыптастыру Қызметінің басшысы жұргізіп отырды.

Істер номенклатурасын әзірлеу, жасау, келісу және бекіту, құжаттардың құндылығына сараптама жасау мәселелері бойынша Сарапшы Г.Құдайбергенова дәрістеді. Құжаттардың істерге қалыптасуы және құрылымдық бөлімшелерден ведомстволық архивке тапсыру мәселелері бойынша Жетекші сарапшы А.Ермағамбетова өз сөзінде жеткізді. Семинар соңында тыңдаушылар сұрақтар қойып, оларға жауаптар мен түсініктемелер берілді. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы және оның құрылымдық бөлімшелері Президент Архивінің жинақтау көздерінің тізіміне енгізілген сәттен бастап әдістемелік және практикалық көмек көрсетуде. Бүгінгі күні Академияда Орталық сараптама комиссиясы және ведомстволық архив туралы ережелері, істер номенклатурасы, қызмете жасалатын құжаттардың тізбесі жұмыста белсенді қолданылады. Семинар сарапшылардың белсенді жұмысымен жоғары деңгейде өтті.