19.10.2022
«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының қорытындысы жарияланды
Оқушылар арасында өткізілген оқу-зерттеу жұмыстарының байқауының қорытындысы жарияланды. Жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 19 қазанда Республикалық Достық үйінде Конгрестің ресми ашылу күні өтті. Байқауға 70-тен астам алматылық оқушы қатысты. Олардың зерттеу жұмыстарына арнайы комиссия баға берді.
Байқау нәтижесі бойынша: Бірінші орынды № 21 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Пак Лариса иеленді (Тақырыбы: «Корейлердің Қазақстанның дамуына қосқан үлесі»); Қ. А. Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының оқушысы Әлімғазы Бауырғазының жұмысы екінші орынға лайық деп танылды. Үшінші орынды С.Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Қайратқызы Мөлдір жеңіп алды.