18.05.2022

Референдум және Жаңа Қазақстан

2022 жылғы 18 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін жалпыхалықтық референдумға ұсынылған ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар жобасын талқылау аясында Референдум және Жаңа Қазақстан талқылау жиыны болып өтті.
Жиынды ашқан ҚР Президентінің Архиві директорының орынбасары Қ.Ш.Әлімғазинов талқылаудың негізгі тақырыбы алдағы референдумға тоқталып, оған белсенділік танытып қатысу арқылы елдің дамуы мен қоғам әділдігіне қол жеткізуге болатынын айтып өтті. Жаңа Қазақстанды құру жолында барлығына бірдей мүмкіндіктер мен тең жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған саяси реформаларға сауатты көзқарас керек екеніне назар аударды.
Конституциялық реформа бүгінде адамдардың өмірін жақсарту үшін қажетті өзгерістерді сәтті жүзеге асыру үшін қажет. Алдағы конституциялық реформаның ерекшелігі мемлекет басшысының өкілеттігі мен ықпалын шектеу арқылы суперпрезиденттік басқарудан бас тарту, партия қатарынан шығу, туыстарының жоғары лауазымды қызмет атқаруға тиым салу, халықтың саяси өмірге қатысуына жол ашу, Парламентті күшейту, Сот жүйесіндегі өзгерістер, адам құқығы жөніндегі уәкілдің қызметі, т.б. өзекті мәселелерді қамтыған ҚР Президенті Архивінің ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының басшысы Г.Р.Нұрымбетованың «Қазақстандағы саяси-реформалар: мәні мен бағыты» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.

Іс-шараға Архив ұжымынан бөлек, арнайы шақырумен келген Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбсары Ш.Б.Тілеубаев, ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ә.С.Әбен және ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми-хатшысы Б.Ж.Жүнісбеков т.б. қонақтар еліміздің негізгі Заңына мемлекеттік басқару моделін өзгертетін және азаматтардың пікірлері басымдыққа ие болатын, қоғамдық процестерді дамытуға бағытталған елеулі өзгерістер енгізіліп жатқан тарихи кезең туралы пікір білдіріп, ел дамуындағы Ата заңның рөлі мен Жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаны қолдап, сөз сөйледі.
Конституциялық реформа – бүгінгі күннің талабы және Қазақстанды жүйелі жаңғыртудың негізі екенін атап өткен ҚР Президенті Архивінің Баспасөз қызметінің басшысы Ж.А.Сатаева ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы кеңес заманның өзіндегі көптеген зиялылардың сайлауға қатысуға мүмкіндері болмағанын айтты. Оларды «лишенец» деп айталған, 1918-1936 жылардағы КСРО-дың азаматтар сайлау құқығынан айырылған. Оған қарағанда бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның еркін азаматтарының құқық бостандығы мен мүмкіндіктері мол екеніне тоқталды.
Билік ұсынып отырған саяси реформалардың мәні мен қоғамдық салмағын жіті түсінген қатысушылар референдумға белсенді қатысатындарын жеткізді.