20.10.2022

Конгресс жұмысы Президент Архивінде жалғасты

2022 жылы 20 қазан Конгрестің екінші күні форум ҚР Президенті Архивінде жалғасты. Халықаралық Архивтер Кеңесінің атқарушы директоры Карлос Васкез баяндама жасап, онда архивтердің Халықаралық Архивтер кеңесімен ынтымақтастығы мен өзара жұмыс мәселелері айтылды. Сондай-ақ қонақтар бүгінгі таңда қоғам өмірінің барлық салаларында болып жатқан цифрлық өзгерістер архив қызметіне әсері жайлы сөз қозғады. Осылайша, архившілерге қойылатын талаптар бірнеше есе өсті.

Заманауи ақпараттық технологияларды жақсы білу, оларды күнделікті архив жұмысына пайдалану өзекті болып отыр. Сонымен қатар Халықаралық Архивтер Кеңесінің атқарушы директоры Карлос Васкез ХАК қызметі мен қазіргі кезеңдегі архив ісін дамытудың өзекті мәселелері жайлы сөз қозғады. Конгреске қатысушылар әлем архившілерінің басын қосатын мекеме туралы жан-жақты ақпаратпен танысып, өздері қызыққан сұрақтарға жауап ала алды.