27.05.2022

Кітапханалар мен архивтер серіктестігі

2022 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Кітапхана және архив – ақпараттық-білім беру және ғылыми-зерттеу ортасының элементі ретінде» кәсіби сессиясы өтті.
Кәсіби сессияның ашылуында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Б.Б. Темірболат, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қ.Қ. Бораш, Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы М.Х. Жақыпов сөз сөйледі.

Іс-шараға ҚР Президенті Архивінен директордың орынбасары Б.Қ.Жұмабеков, Қолданбалы және ғылыми жобалар орталығының басшысы Г.Ж.Мұқажанова және аға сарапшы Е. С. Сыздықова қатысты.
Кәсіби сессия барысында мемлекеттік архивтердің ақылы қызмет көрсетуі, кітапханалардың қызметін және олардың оқырмандармен жұмысын жетілдіру, кітапханалар мен архивтердің ақпараттық ресурстары және сервистеріне қашықтықтан қол жеткізу модельдерін дамыту мәселелері талқыланды.