02.03.2022

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруіне 30 жыл толуына орай

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп Қазақстанның БҰҰ-на кіруіне 30 жыл толуына арналған тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырды. Осы жылдың
1 наурызында қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлер, дипломатиялық қызмет өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және басқалардың қатысуымен көрменің ашылуы өтті.
Көрменің ашылу салтанатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Ю. Василенко, ҚР Президенті Архивінің директоры А. Х. Мұстафина және БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты координаторы М. Фриберг-Стори құттықтау сөздерін сөйледі.
Шараны аша отырып, Р. Ю. Василенко Қазақстан мен БҰҰ арасындағы жоғары деңгейдегі өзара ынтымақтастықтың қалыптасу тарихын құжаттар мен фотосуреттердің ашатынын атап өтті. Қазіргі таңда ынтымақтастық тарихы өзіне ресми тұлғалардың сапарлары, кездесулері мен халықаралық іс-шаралары, жүзеге асырылған жобаларын жинақтаған.
ҚР Президенті Архивінің директоры А. Х. Мұстафина өз сөзінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшылығы мен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілетіне бірлескен жұмыс үшін алғасын білдіре отырып, материалдарды дайындау кезінде көрменің концепциясы сол дәуірдің рухын жеткізе алатын тарихи айқындық пен сенімділік қағидаттарына негізделгенін атап өтті. Қазақстанның Ұйымның толыққанды мүшесі ретіндегі белсенді жұмыстарының арқасында ҚР Президенті Архиві бай және жан-жақты тарихи материалдар жинақталған сақтаушы болып табылады.
М. Фриберг-Стори БҰҰ-ның Қазақстандағы жұмыстарының сәтті тарихы соңғы онжылдағы Қазақстанның даму тарихына жазылғанын атап көрсетті. Көрменің арқасында бірегей архивтік материалдар, фотосуреттер мен құжаттар арқылы Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігінің негізгі кезеңдерін есте сақтай аламыз.

Көрмеде келтірілген архивтік құжаттар Қазақстанның БҰҰ-ға кірген тарихи кезеңдерін ашып көрсетеді: халықаралық аренадағы алғашқы қадамдары, Қазақстанның БҰҰ-дағы өкілдерінің қызметі, Қазақстанның бейбітшілікті сақтау жөніндегі бастамалары және жаhандық қарусыздандыру саясаты.
Көрме экспозициясының негізін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (5-Н қ.), Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Президенті
(7 қ.) және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (75-Н қ.) қорларының құжаттары құрады. Бұл республиканың саяси, экономикалық жағдайы, шет мемлекеттермен сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың дамуы туралы ақпараттар, Қазақстанның басқа мемлекеттермен екіжақты және көпжақты қарым-қатынастары, дипломатиялық корпус туралы, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасы, Қазақстан мен басқа мемлекеттер арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылуы және дамуы туралы ақпараттар.
Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Алғашқы Тұрақты өкілдері А. Х. Арыстанбекованың архивтік қоры Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде сақтаулы тұрған құжаттармен ерекше қызығушылықпен танысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ұйымдастырған тарихи-құжаттық көрме 2022 жыл бойы өтетін Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің
30 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар циклын ашты.