13.10.2022

Тарихи-архивтік форумы

12 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві «Өткеннен естелік – 2022. Отандық ғылым мен техниканың деректі мұрасы әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде» атты ХІ тарихи-архивтік форумына қатысты. Іс-шараны Ресей мемлекеттік архиві Самара қаласында ұйымдастырды. Әр түрлі алаңды біріктіретін тақырыптар: қазіргі ақпараттық кеңістіктегі ғылыми-техникалық құжаттаманы қарау; пайдалану мәселелері мен даму перспективалары; бірегей және аса құнды ғылыми-техникалық құжаттарды анықтау; проблемалар және оларды шешу жолдарын іздеу болды. ҚР Президенті Архивінің аға ғылыми қызметкері Евгения Чиликова «Қару құрастырушы М.Т. Калашников шығармашылығының алғашқы кезеңі туралы зерттеулердегі қазақстандық дереккөздер» атты хабарламасымен сөз сөйледі.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның КП (б) ОК жанынан қару-жарақпен өнертапқыштық жұмысты қамтамасыз ету үшін ерекше мәртебеге ие штаттық қызметкерлері мен бюджеті болған Әскери өнертабыстар жөніндегі республикалық комиссия жұмыс істеді. ҚР Президенті Архивінде 1941-1945 жылдары қару-жарақты әскери-техникалық тұрғыдан жаңғырту және қорғаныс өнеркәсібіне көмек көрсету мәселесі бойынша дереккөздер базасы бар. Онда аға сержант М.Т. Калашниковтың 1941-1943 жылдары Түркістан-Сібір темір жолының Матай станциясында және Алматы қаласында тапанша-пулемет ойлап табу жөніндегі жұмысының алғашқы кезеңі туралы құжаттар да сақталған. М.Т. Калашниковтың қызметі әртүрлі көлемдегі және сипаттағы дереккөздерде – кітаптарда, БАҚ-тағы мақалаларда, фильмдерде; құжаттардың жарияланымдарында, мемуарларда және «ауызша тарихта» жарияланғанына қарамастан, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің құжаттары құрастырушы-қару жасаушының шығармашылығының бастапқы кезеңін қалпына келтіруге негіз болды.