27.05.2022
Белорустік әріптестердің конференциясы
2022 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкерлері «Архивный диалог. Наследие партийных архивов» (Беларусь Республикасының Ұлттық архивінің 95 жылдығына арналған) Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты. Бұл халықаралық конференция аясында Беларусь, Қазақстан және Ресей архившілері мен зерттеушілері, мемлекеттік билік пен ғылым, білім және мәдениет, қоғамдық ұйымдар өкілдері арасында жемісті тәжрибе алмасу болды.
Іс-шарада есепке алу, сақтауды қамтамасыз ету, ғылыми-анықтамалық аппарат құру, әлеуметтік-саяси архивтер құжаттарын ғылыми-зерттеу жұмыстарында, патриоттық және азаматтық тәрбиеде пайдалану, жаңа тарихы бойынша құжаттардың деректанулық әлеуеті мәселелері талқыланды.
«Из истории депортаций», «История. Люди. Судьбы – эвакуация в Казахстан в годы Великой Отечественной войны» және т.б. сол сияқты жобалар бойынша бірлескен қызметтердің тақырыптары көтерілді.
ҚР Президенті Архивінің аға ғылыми қызметкері Е.В. Чиликова «КОКП бұрынғы архив қорының құжаттары саяси қуғын-сүргін тарихы бойынша дереккөздер ретінде» баяндамасын таныстырды, онда Архивтің ғылыми-зерттеу жобалары туралы, оның ішінде «Из истории депортаций. Казахстан 1930-1959» көп томдық құжаттар жинағы туралы әңгімеледі.