15.12.2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Архив ұжымының салтанатты жиналысы өтті. Іс-шараны ашу барысында директор Ж.Ү. Әбдіқадырова тарихты сақтаушылардың Қазақстанның атаулы күндеріне ерекше қатысы бар екенін, олардың арасында ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнінің қазақстанның мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен тағдыршешті тарихи мәні бар екенін атап өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесіне Архив ұжымы қызметтің барлық бағыттары бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді және бұл ҚР Президенті Архивінің әрбір қызметкерінің, барлығының еңбегі. Директордың орынбасарлары Б.Қ. Жұмабеков, Ә.Қ. Мұстафина, Қ. Ш. Әлімғазинов, ЖАК төрағасы Р.М. Мирзакулова құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында архивтің бірқатар қызметкерлері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі мемлекеттік наградасымен марапатталды: Е.В. Чиликова, Б.Ә. Қасенов, Б.Ж. Шайлазымов, А.М. Дүйсембаев, В.И. Салахова, Р.М. Мирзакулова, А.К. Сәлменбаева, Ф.Т. Дуванова, А.А. Маханбетова, Ә.С. Несіпбаев. Сондай-ақ алдағы мерекеге орай архив қызметкерлерінің бір тобы Алматы қаласы Медеу ауданының әкімінің алғыс хатымен марапатталды: Д.А. Сүйінішев, К.Ә. Медуханова, Н.Ю. Новикова.