19.04.2023
Архивте төтенше жағдайлардағы шаралар бойынша дайындық өтті
2023 ж. 20 сәуірде Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу іс-шарасы өтті. Ауқымды шараға ҚР Президенті Архивінің қызметкерлері де белсенді қатысты. Оқу-жаттығу жоспары бойынша қызметкерлер қауіпсіз аймақтарға жыйналып оқу тәжірибелік дәріс тыңдады.
Сонымен қатар табиғи апат кезіндегі іс-қимылдары пысықталып, адамдарды эвакуациялау, зардап шеккендерге көмек көрсету ережелері түсіндірілді. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Алматы қаласы 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жыл сайын қалада 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады.