20.05.2022

Архивте өндірістік-тәжірибелік оқу өтті

2022 жылғы 20 мамырда ҚР Президенті Архивінің Архив құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу және цифрлау қызметінің мамандары «Архив құжаттарын сандық форматқа көшіру тәртібі» тақырыбында өндірістік-тәжірибелік оқу өткізді. Іс-шараға архившілер және Архивте оқу тәжірибесін өтудегі студенттер қатысты.

Қызмет басшысы Г.О. Бекішева құжаттарды сандық форматқа көшіру жұмыстарының оларды сақтауды қамтамасыз ету бойынша маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, зерттеушілер үшін сандық форматтағы құжаттарды пайдаланудың қолайлылығы мен осы жұмысты жүргізу тәртібіне де кеңінен тоқталды. Өндірістік оқу барысында қатысушылар тарапынан аталған жұмыс түрлері бойынша сұрақтарға жауап берілді.