02.09.2022

Архивте Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

2022 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Президентінің Архивінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Жиынды ашқан Архив директорының орынбасары Қ. Ш. Әлімғазинов Жолдауда айтылған саяси құрылымдағы өзгерістер ел экономикасына және қазақстандықтардың әл-ауқатына оң әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар мемлекет басшысының «елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды» деген сөзін қолдап, қызметте кәсібилік пен сапалы еңбек бірінші орында тұруы қажет екенін тілге тиек етті.

Шара аясында ҚР Президенті Архивінің қызметкерлері Г.Р. Нұрымбетова, Е.В. Чиликова, Т.Д. Маханбаев Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, баяндама жасады.
Сондай-ақ қызметкерлер Президент Жолдауында қойылған міндеттерді сапалы іске асыру бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Жолдауда Президент Қ.К. Тоқаев қазақстандықтарға Әділетті Қазақстанды құруға бірдей атсалысуға шақырды. Бүгінгі таңда еліміздің дамуы мен оның болашағы халықтың бірлігі мен ауызбіршілігіне байланысты екендігін тағы бір еске салды.