27.05.2022
Архившілер жалпыхалықтық референдум мәселелерін талқылауда
Ағымдағы жылдың 27 мамырда ҚР Президентінің Архивінде конституциялық реформаны талқылауға арналған іс-шаралар жалғасын тапты. Архивтің Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері ҚР Жоғары Конституциялық Кеңесі аппаратының Басшысы Б.М. Нұрмұхановпен кездесу өткізді. Бақыт Маратұлы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер туралы және референдумнан кейін еліміздің заңнамасында қандай өзгерістер болатынын айтып берді.
Архив директорының орынбасары Б. Қ. Жұмабеков демократиялық өзгерістер мен азаматтық қоғамды құру бүкіл халықтың қолдауынсыз мүмкін емес, сондықтан да біздің міндетіміз биылғы 5 маусымдағы республикалық референдумға қатысу екенін атап өтті.