20.04.2023
Архивтік марафоны: ҚР Президенті Архивінде студенттік олимпиадасы өтті
2023 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде архивтану және іс жүргізу бойынша республикалық студенттік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Documentum», «Tempus», «Be Zerek» командалары, Алматы көпсалалы колледжінің «Жалын» және «Алғырлар» тобы бақ сынасты.
Жүлделі бірінші орынды «Be Zerek» (ҚазҰУ) тобы иеленсе, екінші орынды «Жалын» (АКК), ал үшінші орынды «Tempus» (ҚазҰУ) командасы алды. Жеңімпаздарға диплом, барлық қатысушыға арнайы сертификаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Іс-шара 1998 ж. 22 желтоқсандағы ҚР «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының 25 жылдығына орай «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» архивтік марафонының аясында өтті.