13.02.2023

Архив ұжымына апаттық жағдайдағы іс-қимылдар түсіндірілді

         2023 жылғы 13 ақпанда Архив ұжымына «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының төрайымы Д.М.Айнақұлова мен «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Республикалық жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің бас құтқарушысы Р.Р. Файзулин мен А.Ж. Балтабай апаттық жағдайдағы іс-қимылдар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

           

Жиынды ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары Ж.Ү. Әбдіқадырова ашып, жүргізді. Кездесу барысында болуы мүмкін табиғи апаттар жағдайындағы алдын алу шаралары мен зілзала уақытындағы нұсқаулықтар туралы екі фильм көрсетіліп, керекті ақпараттар айтылды. Архившілердің түрлі сұрақтарына жауап берген мамандар өздерінің қызмет бабындағы біліктіліктерімен, тәжірибелерімен бөлісті.