15.12.2021
Архив және қоғам: зерттеушімен кездесу
2021 ж. 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Жас архившілер кеңесінің ұйыдастыруымен т. ғ. д., Магнитогорск мемлекеттік университетінің (Ресей) профессоры М. Н. Потемкинамен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында Марина Николаевна зерттеу тақырыбы, Ресей және Қазақстан архивтерінде жұмыс істеу ерекшеліктері туралы айтып берді. Жас архившілер кеңесінің мүшелері арасында пікір-талас орнады. Кездесу соңында зерттеушіге ҚР Президенті Архивінің "Рассекреченная война" құжаттар жинағы сыйға тартылды.