07.02.2022

Архив ісінің ардагерлері марапатталды


Өткен жылдың аяғында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде архив саласының ардагерлерімен ерекше кездесу өтті. Шараға әр жылдарда Архивті басқарған директорлар – Г.А. Қарпықова, Л.Д. Дегитаева, Б.Ә. Жапаров және ұзақ жылдар бойы архив саласында, оның ішінде ҚР Президенті Архивінде қызмет еткен мамандар Т.Е. Әбілова, Е.М. Грибанова және Архив басшылығы мен ұжымы қатысты. Шараның ашылуында Архив директоры Ж.Ү. Әбдіқадырова қонақтарға ҚР Президенті Архивінің құрылған уақытынан бері оның қалыптасуы мен дамуы үшін атқарған қызметтеріне алғыс білдіріп, Ұлттық архив қорының құжаттық мұрасын жинақтап, сақтауда, оны әйгілеп, қоғамға насихаттаудағы архившілердің ерекше рөлін атап өтті.


Кездесу барысында Г.А. Қарпықова, Л.Д. Дегитаева, Т.Е. Әбілова мен Е.М. Грибановаға еліміздегі архив ісін дамытуға қосқан ерекше үлесі, архив ісін жетілдіруге белсене қатысқаны үшін ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 1 ақпандағы Қаулысымен бекітілген «Архив саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. Өз кезегінде шара қонақтары архив саласындағы, ҚР Президенті Архивінің құрылуы және қалыптасуы кезіндегі қызметтеріндегі естеліктерімен бөлісті.