09.09.2022

Ахмет Байтұрсыновтың 150-жылдығына орай

2022 жылғы 9 қыркүйекте ҚР Президенті Архиві мен Ш.Ш. Уәлиханов Тарих және этнология институтының бірлесіп ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы және ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ қоғамындағы ағартушылық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Ұлт ұстазы, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған. Оған тарихшылар, ғалымдар мен архив саласының мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ш.Б.Тілеубаев, бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының докторы, профессор О.Х. Мұхатова, жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Қ. Шашаев, бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты А.Т. Қайыпбаева, аға ғылыми қызметкер, тарих магистрі Р.Е.Оразов, жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты Н.К. Дүйсенова баяндама жасады.


ҚР Президенті Архивінің ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу Орталығының жетекшісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Г.Р. Нұрымбетова Ахмет Байтұрсынұлының білімге қосқан үлесі және осы қызметті архив құжаттарында көрсетуі туралы «Ахмет Байтұрсынұлы және ағарту мәселелері» атты баяндама жасады.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Арыс» қорының президенті Ғ. Әнес және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты А. Мектепов сөз сөйледі.

Аталған іс-шара аясында ҚР Президенті Архивінің құжаттары бойынша дайындалған «Мәңгілік тұлға Ахмет Байтұрсынұлы архив құжаттары» көрмесі ұсынылды. Көрмені архивтің аға сарапшысы Ж.Қ. Өзбеков таныстырды.