01.06.2022
Құжаттарды басқару және архивтік сақтау жөніндегі семинары
2022 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты, «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты, «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясында іс жүргізу және архивтік сақтау бойынша семинар өтті.
Іс-шараны «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы директорының орынбасары Бақтымбет Сәуле Серікқызы ашты. Ол өз сөзінде нормативтік талаптарға сәйкес іс жүргізу мен құжаттарды архивтік сақтауды ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталып, бұл семинар Архив пен партиялық құрылымдардың 2022 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылғанын атап өтті.
Семинарға іс жүргізуге және құжаттардың архивтік сақталуына жауапты қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Семинарды Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің архив қорын қалыптастыру қызметінің сарапшылары А.А. Ермағанбетова, Г.Ө. Құдайбергенова мен Б.Т. Сапаралы өткізді. Олар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің толықтыру көздері болып табылатын мекемелерден құжаттарды қабылдау-тапсыру тәртібі мен процестерінің жұмыс тәжірибесінен нақты мысалдар келтірді. Сондай-ақ, құжаттандыру және архивтік ісі бойынша нормативтік-құқықтық база, істер номенклатурасын дайындау, құжаттарды ведомстволық архивке тапсыру тәртібі, құжаттарды ведомстволық архивтен мемлекеттік сақтауға беру мәселелері қаралды.