20.10.2022

«Құжат айналымын стандарттаудағы ел тәжірибесі» диспут-сессиясы

Конгрестің екінші күні диспут-сессиялар ҚР Президент Архивінде жалғасты. Кореяның Ұлттық архивінің Саясат және жоспарлау бөлімінің архившісі Сон Хун Кю «Корея Ұлттық архивіндегі іс жүргізуді стандарттау саясаты» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросының байланыс және ақпараттандыру бөлімінің басшысы Сергей Карпов баяндама оқыды. «Архивтерді цифрлық түрлендіру жағдайындағы ұлттық архив заңнамасы» тақырыбына Бақыт Нұрпейісова (Қазақстан), Чжанга (Қытай), Игорь Ромашин (Ресей), Шахноза Абдурахимова (Өзбекстан), Угур Унал (Түркия) сынды мамандар дәрістер оқыды.

Конгресс аясында Р. Сүлейменов атындағы «Ғылым және руханият» Шығыстану институтының ЮНЕСКО кафедрасының «Қазақстанның археографиялық мектебі» ғылыми семинары ұйымдастырылды. Іс-шараны Тарихи материалдарды зерделеу республикалық ақпараттық орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Меруерт Абусеитова өткізді. Қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті және архивтердің өзекті мәселелерін талқылады.