18.02.2022

Ә.Қ. Мұстафина ҚР Президенті Архивінің директоры болып тағайындалды


18 ақпан 2022 ж. Мемлекет басшысының Өкімімен Мұстафина Әлия Құсайынқызы Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Н.Б. Онжанов Архив ұжымына жаңадан тағайындалған директорды таныстырып, жұмысына зор жетістіктер мен табыстар тіледі.
Ә.Қ. Мұстафина Қазақстанның архив саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар маман, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Архив ісі және құжаттама департаментін басқарған, 2018 жылы ҚР Президенті Архивінің директорының орынбасары қызметіне тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Н.Б. Онжанов Архивтің бұрынғы директоры Жәмилә Үсіпжанқызы Әбдіқадыроваға атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп, мемлекеттік марапат «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалін табыстады.