06.09.2022
«Ұлт ұстазы» семинары өтті
2022 жылғы 5 қыркүйекте Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» РМК ұйымдастырған «Ұлт ұстазы» семинары өтті. Іс-шара мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым, лингвист, ұлттық жазба реформаторы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналды.
«Қоғамдық келісім» басшысы Н.А. Альтекова құттықтау сөз сөйледі.
Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, ҚР Ұлттық Академиясының академигі, әлеуметтік ғылымдар докторы, профессор С.Т. Сейдуманов, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор А.А. Осман, қоғам қайраткері Н.Е. Өкімбаев және басқалары баяндамалар жасады.
ҚР Президенті Архивінің ХХ ғасырдағы Саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының жетекшісі, с.ғ.д., профессор Г.Р. Нұрымбетова «Ахмет Байтұрсынұлы және тіл мәселелері (архив құжаттары негізінде)» тақырыбында баяндама жасап, А.Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасын зерттеудегі архивтік құжаттардың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шарада ҚР Президенті Архивінің қорлары бойынша дайындалған «Мәңгілік тұлға Ахмет Байтұрсынұлы архив құжаттарында» көрмесі ұсынылды. Семинарға қатысушыларға көрме құжаттарын ҚР Президенті Архивінің аға сарапшысы А.Ә. Сейсенбаева таныстырды.