Қаржы, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу қызметі 

 Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер

 Ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс қызметі

 Кадр бойынша маман

 Баспасөз қызметі

 Аға сарапшы

Ашық бос орын: Ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс қызметінің Кадр жөніндегі маманы

Лауазымдық міндеттері:

1) кәсіпті, мамандықты және біліктілікті талап ететін кадрлармен ұйымды жиынтықтау бойынша жұмысты орындайды;

2) кадрларды жұмысқа қабылдау, іріктеу, орналастыру бойынша жұмыстарға қатысады;

3) ұйымның және оның бөлімшелері персоналының лауазымдарын және кәсіби біліктілік құрылымын, кадрларды есепке алу жөніндегі, жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, еңбек жолы және жұмыстан босатуға байланысты белгіленген құжаттаманы, аттестациядан өткізу нәтижелерін және кадрларға ағымдағы және перспективадағы қажеттілікті айқындау мақсатында олардың іскерлік қасиеттерін бағалауды зерделеуді және талдауды жүргізеді;

4) бос лауазымдарға орналасу және жоғарылатуға резерв құру бойынша ұсыныстар дайындайды;

5) кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру көздерін анықтау үшін еңбек нарығын зерттеуге, оқу орындарымен тікелей байланыс, ұқсас бейіндегі ұйымдармен байланыс орнатуға және қолдауға қатысады;

6) ұйымның қызметкерлерін бос жұмыс орындары туралы хабардар етеді;

7) еңбек жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуге қатысады;

8) жас мамандарды және жас жұмысшыларды оқу орнында алған кәсібіне және мамандығына сәйкес орналастыруды және орналастырып қоюды қамтамасыз етуді, олардың тағылымдамадан өтуін бақылауды жүзеге асырады;

9) жаңадан қабылданған жұмыскерлерді өндірістік қызметке бейімдеу бойынша жұмысқа қатысады;

10) персоналды дамыту, іскерлік мансапты жоспарлау, кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындауға, сондай-ақ оқытудың тиімділігін бағалауға қатысады, біліктілік, аттестаттау, конкурстық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруға, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуге, олардың шешімдерін ресімдеуге қатысады;

11) еңбек тәртібінің жай-күйін және қызметкерлердің ұйымның ішкі еңбек тәртібінің ережесін орындауын, кадрлар қозғалысын талдайды, еңбек тәртібін жақсарту және тұрақтамауын төмендету бойынша іс - шараларды әзірлеуге қатысады;

12) қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды уақтылы ресімдеуді, олардың қазіргі және өткен еңбек жолы туралы анықтамалар беруді, еңбек кітапшалары мен өзге құжаттарды сақтау және толтыру тәртібін сақтауды, кадрлар жөніндегі өзге де белгіленген құжаттаманы ресімдеуді, сондай-ақ ұйым персоналы туралы дерекқорға тиісті ақпарат енгізуді бақылайды, белгіленген есептілікті жасайды;

13) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп пен нормаларды сақтайды.

Білуге тиіс: ҚР Конституциясын; ҚР Еңбек кодексін; ҚР «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдарын; архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлерді; архив ісі саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені, заманауи ақпараттық технологияларды; ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдістерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

1) «Тарих», «Архивтану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету», «Автоматтандыру және басқару», «Ақпараттық жүйелер», «Филология», «құқықтану»мамандықтарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

2) еңбек өтіліне талап қойылмайды.

  Ашық бос орын: Қаржы, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу қызметінің Мемлекеттiк сатып алу жөніндегі менеджер

Лауазымдық міндеттері:

1) өнімді мемлекеттiк сатып алу туралы нарықтық зерттеулер жүргізеді;

2) конкурстар, баға ұсыныстарын сұрату, электрондық сатып алу туралы ақпаратты талдауға, ұйым басшылығы үшін конкурстарға қатысу жөнінде ұсынымдар дайындауға, өнім берушілер туралы дерекқорды қалыптастыру және қолдауға, тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізуге, тапсырыс берушіден конкурстық құжаттаманы, өтінімді алуды жүзеге асыруға, сатып алу іс-шараларына қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады;

3) мемлекеттік сатып алу сайттарына мониторинг жүргізеді;

4) конкурстық комиссияға дайын құжаттарды ұсынады;

5) ұйым қатысатын конкурстар мен баға ұсыныстарының нәтижелеріне бақылау жүргізеді, ұйымға тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаларды, тендердің жеңімпазын таңдау туралы хаттамаларды алады, мемлекеттік сатып алу конкурсы туралы алынған нәтижелерді талдайды, қайталама конкурс, баға сұратулары туралы ақпарат алады;

6) конкурстық құжаттарды дайындауға жұмсалатын шығынды айқындауға, әлеуетті өнім берушілер туралы ақпаратты іздеуге тапсырыс (өтінім) беруге қатысады;

7) мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;

8) конкурстық құжаттаманы жүргізеді;

9) тауар немесе өнімнің белгілі бір түрлерін сатып алу бойынша сарапшылармен консультациялық хат-хабар алмасуды жүргізеді;

10) бюджетті қалыптастыруға, тапсырыс (өтінім) беруге және мемлекеттік сатып алудың жоспарын жасауға қатысады;

11) тапсырыстарды (өтінім) мемлекеттік органдардың сайттарына орналастырады;

12) конкурстар бойынша шарттарға қол қою мерзімдерін үйлестіреді;

13) уақтылы есептілікті қамтамасыз етеді;

14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп пен нормаларды сақтайды.

Білуге тиіс: мемлекеттiк сатып алу мәселелерін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді; менеджмент, маркетинг және экономика негіздерін; баға белгілеу әдістері, стратегиясы мен тактикасы; құжаттарды әзiрлеу бойынша компъютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету; өңірлік экономикалық саясат; еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

1) келесі мамандықтардың бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Экономика», «Қаржы», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Құқықтану», мамандық бойынша еңбек өтілі кем дегенде 3 жыл.

Ашық бос орын:   Баспасөз қызметінің аға сарапшысы

 Лауазымдық міндеттері:

1) жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

2) Осы бағыт шеңберінде перспективалық және ағымдағы бағдарламалар мен жоспарларды, жекелеген іс-шараларды немесе олардың кешенін, оларды ақпараттық сүйемелдеуді, қаржылық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету схемасын әзірлейді;

3) жұртшылықпен, ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылдың нысандары мен әдістерін таңдауды жүзеге асырады;

4) архивтен шығатын ақпараттық хабарламалардың сипатын, мазмұнын және жеткізушілерін айқындайды;

5) ақпарат жинауды, оның ішінде әлеуметтік зерттеулерді қолдана отырып, ақпараттық көздердің үздіксіз мониторингін ұйымдастырады;

6) Ақпараттық нарықтың және қоғамдық коммуникация саласының жай-күйін талдайды және өзгерістерін болжайды;

7) архивтің жұртшылықпен байланыс саласындағы саясатын түзету жөнінде шаралар қабылдайды;;

8) бірлескен қызмет кезінде архивтің ішкі құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

9) бұқаралық ақпарат құралдары үшін архив қызметі туралы баспасөз релиздерін, корпоративтік бюллетеньдерді, оның қызметі туралы өзге де ақпараттық материалдарды дайындауды ұйымдастырады;

11) архивтің жария есеп беру құжаттамасын дайындауды жүзеге асырады;

12) бұқаралық ақпарат құралдарының және жұртшылықтың өзге де өкілдерінің ұйымның қызметі туралы сұрау салуларын талдайды;

13) Архив бастамашы болмаған бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын жинақтайды, талдайды және архив басшылығының назарына жеткізеді;

14) атқарылған жұмыс туралы есептерді архив басшылығына ұсынады;;

15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен тәртіпті сақтайды.

Білуге тиіс: ҚР Конституциясын; ҚР Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «ақпараттандыру туралы» заңдарын; архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді; отандық және шетелдік тәжірибені, архив ісі саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

1) «Тарих», «Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету», «Журналистика», «жұртшылықпен байланыс», «Халықаралық журналистика», «Филология» мамандықтарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, еңбек өтілі кемінде 2 жыл.

Сұхбатқа қатысу үшін түйіндемені келесі мекен-жайы бойынша жолдауға болады: Алматы қаласы, Достық даңғылы 87 Б, 1 қабат, 13 немесе 16 бөлмелер немесе office@archive.president.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7272) 264-42-08, Ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс қызметі.